Esil University «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Қалиев А.Қ. Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқарушылық кодекстерінің күшіне енуінің 10 жылдығына арналған «Қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы реформалау тәжірибесі» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.
Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық Университетінің Заң факультеті ұйымдастырды және құқық саласының жетекші ғалымдары, практиктері мен сарапшыларын жинады.


