Esil University «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі Артем Александрович Быков Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының оқытушыларына арналған қонақ дәрісін өткізді.
Дәріс «Жасанды интеллект жүйелерінің тарихы және практикалық қолданысы» тақырыбына арналды. Іс-шарада Артем Александрович ақпараттық жүйелер мен жасанды интеллект саласындағы білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Ол жасанды интеллект жүйелерінің даму тарихы, сондай-ақ олардың қазіргі әлемде практикалық қолданысы туралы айтты.


