Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Өндірістік практика бойынша кіріспе конференция өтті

«Менеджмент» кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мен «Менеджмент» білім беру бағдарламаларының 4-курс студенттері үшін өндірістік тәжірибе бойынша кіріспе конференция өткізді.

Іс-шара 2026 жылғы 19 қаңтардан 24 сәуірге дейінгі кезеңде (14 апта) академиялық күнтізбеге сәйкес өндірістік диплом алды практикасынан өту үшін жоспарланған 6В40101 «Менеджмент» және 6В40102 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламаларының түлек топтары студенттеріне арнап ұйымдастырылды.

Өндірістік практика бойынша кіріспе конференция өтті

Конференцияны тәжірибеге жауапты аға оқытушы, магистр Г.О. Тансыкбаева, 4-курс кураторлары Г.О. Тансыкбаева және С.В. Рюмкин ұйымдастырды. Іс-шараға сондай-ақ «Менеджмент» кафедрасының меңгерушісі, PhD доктор, доцент м.а. Ж.З. Байгиреева қатысты.

Конференция барысында студенттерге өндірістік дипломалды тәжірибенің мәні, мақсаттары, міндеттері және өту мерзімдері туралы толық ақпарат берілді. Сондай-ақ тәжірибе есебі мен күнделігін қамтитын есептік құжаттаманы ресімдеу және тапсыру талаптары түсіндірілді. Бұдан басқа, студенттер өздеріне бекітілген тәжірибе жетекшілерімен таныстырылды.

Іс-шара шеңберінде мынадай мақсаттарға қол жеткізілді: • Ақпараттық: студенттерді практика бағдарламасымен, есеп жазуға арналған әдістемелік ұсыныстармен, қажетті құжаттар тізімімен және бағалау критерийлерімен таныстыру; • Ұйымдастырушылық: студенттерді жоғары оқу орнынан тәжірибе жетекшілеріне бөлу.

Өткізілген конференция студенттердің өндірістік диплом алды практикасынан өту тәртібі мен талаптарын нақты түсінуін қалыптастыруға ықпал етті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық