Esil University-де «Құқық» мамандығының 3-курс студенттері үшін «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиев Астана қалалық полиция басқармасы жанындағы полигонда «Оқиға болған жерді қарап тексеру» тақырыбында практикалық сабақ өткізді.
Студенттер дәлелдемелерді іздеу мен зерттеу әдістерін практикада меңгерді: пәтерді, көшені және оқиға болған басқа жерлерді модельдеу, биологиялық, трасологиялық және баллистикалық дәлелдемелермен жұмыс жасау, дактилоскопия, ДНҚ-талдауға арналған үлгілерді жинау және іздерді сәйкестендіру.


