Наурыз мерекесі құрметіне «Экономика және маркетинг» кафедрасының куратары Амишева З.М. жетекшілігімен «Экономика 25/1» мамандығының қазақ тобының 1 курс студенттері қазақтың ұлттық дәстүрлерінің бірі – «Сырға салу» салтының сахналық көрсетілімін ұйымдастырып, таныстырды.
Іс-шара барысында студенттер «Сырға салу» рәсімінің негізгі кезеңдерін көрсетті. Күйеу жақтың келіннің үйіне келуі, жекжаттардың танысуы мен келіссөздері, сырға тағу рәсімі және үлкендердің бата беруі көрсетілді. Қатысушылар өз рөлдеріне жауапкершілікпен қарап, рәсімнің мазмұнын көрермендерге қолжетімді және қызықты түрде жеткізе білді.

