Esil University-де экономика факультетінің 2-курс студенттері үшін «Өзара байланыстарды зерттеудің статистикалық әдістері» тақырыбында ашық сабақ өтті. Дәрісті оқытушы К.Е. Шарипбекова жүргізді.
Іс-шараға 10 оқу тобы және «Есеп және аудит» кафедрасының оқытушылары қатысты. Сабақ барысында деректерді талдау әдістері, олардың экономикада қолданылуы және бизнес-процестерді оңтайландыру мүмкіндіктері талқыланды.


