Оқу жоспары аясында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 2-курс магистранты, азаматтық қорғаныштың аға лейтенанты Алуадин Рамазан Сакенұлы з.ғ.к., доцент Қарипова Асель Есенгелдіқызының қолдауымен Esil University студенттері үшін ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты — мемлекеттік өртке қарсы қызметтің сотқа дейінгі өндірістегі рөлі туралы студенттердің білімін арттыру. Оқушыларға өрт сөндіру қызметі органдарының анықтау органы ретіндегі құқықтық мәртебесі, олардың іс жүргізу өкілеттіктері, сондай-ақ өрт орнын қарау және дәлелдемелер жинау тәртібі түсіндірілді.


