Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Салық есебі және аудит» пәні бойынша ашық сабақ

Педагогикалық тәжірибе аясында «Салық есебі және аудит» пәні бойынша «Салық түрлері бойынша есеп айырысуларды салықтық есептеу және аудиттеу» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты — салық түрлерін, олардың есебі мен аудитінің ерекшеліктерін, сондай-ақ салық заңнамасындағы өзекті өзгерістерді және салықтық міндеттемелерді тексеру тәртібін жүйелі түрде қарастыру.

Жұмыс барысында студенттер үш негізгі бағыт бойынша теориялық және практикалық материалдарды зерделеді: 10.1. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша есеп айырысуларды салықтық есепке алу және аудит; 10.2. Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша есептеулердің салықтық есебі және аудиті; 10.3. Жергілікті салықтар бойынша есеп айырысуларды салықтық есепке алу және аудиті.

«Салық есебі және аудит» пәні бойынша ашық сабақ«Салық есебі және аудит» пәні бойынша ашық сабақ

Сабаққа «Есеп және аудит» кафедрасының PhD, доцент м.а. Успамбаева М.К., сондай-ақ академиялық топтардың студенттері қатысты: – Б-Фин 22/1 Р, – Б-Фин 23/23 Р, – Б-Фин 24/22 Р. Жалпы — белсенділік пен қызығушылық танытқан 11 студент.

Сабақта салық есебін жүргізу принциптері, салықтық міндеттемелерді қалыптастыру тәртібі, аудиторлық рәсімдердің кезеңдері және есептеулердің дұрыстығын бағалау әдістері егжей-тегжейлі қарастырылды. Студенттер кәсіпорындар қызметінде кездесетін практикалық жағдайлардың мысалдарын зерделеп, нақты жағдайларда Салық кодексі нормаларының қолданылуын талдады.

Нормативтік-құқықтық базамен жұмыс жасауға, аудиторлық іс-қимылдар кезеңдеріне және салықтық процедуралардың тиімділігін бағалау тәсілдеріне ерекше назар аударылды. Мұндай формат қаржы, бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті.

7М041002 «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының магистранты Исқақов Руслан педагогикалық тәжірибе барысында сабақ тақырыбын 1С: Бухгалтерия бағдарламасын және ЖШС-тің 2025 жылғы салықтық есеп мәселелері бойынша практикалық деректерді қолдана отырып толық ашып берді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық