Меншікті үлгідегі дипломдар — жаһандық үрдістердің бірі, ол әрбір жоғары оқу орнының кадрлар даярлаудың сапасы үшін жауапкершілігін кепілдендіреді. 2021 жылдан бастап Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары меншікті үлгідегі дипломдар береді.
Университетіміздің жоғары білім туралы диплом нысанын әзірлеуге қатысуға шақырамыз.
Дипломда міндетті түрде мынадай ақпарат болуы тиіс екенін назарға алуыңызды сұраймыз:
- Университеттің атауы;
- түлектің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда);
- білім беру бағдарламасының (мамандықтың) коды мен атауы;
- берілетін дәреже;
- дәреже беру туралы аттестациялық комиссия отырысының хаттамасының күні мен нөмірі (бар болса).
- оқу нысаны;
- ректордың қолы;
- реттік тіркеу нөмірі;
- берілген күні мен орны (қаласы);
- Университеттің мөрі.
Сондай-ақ өз үлгісіндегі дипломда институционалдық аккредитацияны жүргізген аккредиттеу агенттігінің логотипі және (немесе) атауы орналастырылады.
Барлық жұмыстарды info@esil.edu.kz мекенжайына 01.11.2024 ж. дейін күтеміз.