«Қаржы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы танымал ғалым-экономист және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор Берік Тұрсынбекұлы Бейсеңғалиевтің 60 жылдық мерейтойына арналған «Қазақстанның экономикалық саясаты және тұрақты дамуы: ғылым, заң шығармашылығы және практика» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде «Қаржы жүйесі, бюджеттік саясат және ұлттық экономиканың тұрақтылығы» тақырыбындағы секция отырысын ұйымдастырды.
Секция отырысы шеңберінде қаржы жүйесінің жұмыс істеуінің негізгі аспектілері, бюджет саясатының басым бағыттары, жаһандық қиындықтар мен құрылымдық өзгерістер жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығын арттыру механизмдері қаралды. Қатысушылар мемлекеттік борышты басқару, салықтық-бюджеттік реттеу, қаржы секторын цифрландыру, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етудегі мемлекеттік қаржының рөліне ерекше назар аударды.


