2024 жылғы 26 маусымда «Қаржы» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы «Қаржы» 7М04110 және 7М04109 ОБ магистранттарымен бірлесіп, кафедраның бастамашылық жобасы аясында «Қаржы-несие қатынастары саласындағы үрдістер мен инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өткізді.
Ғылыми семинар барысында магистранттар өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерімен, сондай-ақ шығармашылық ұжым құрамындағы ғылыми зерттеулермен баяндама жасады.
Магистратура түлектеріне қаржы секторы өкілдері: Ұлттық банктің Орталық филиалы директорының орынбасары (Астана қ.), PhD Іщанова Р.Қ. және «Агросақтандыру қауымдастығы» ЗТБ кеңесінің тәуелсіз мүшесі Мухитбекова А.М. кәсіптік бағдарлама дәрісін өткізіп, магистранттарды магистратурадан кейінгі жұмысқа орналасу перспективаларымен таныстырды. Ғылыми семинар нәтижесі бойынша ғылыми, ұйымдастырушылық-басқарушылық және кәсіптік бағдарлама сипатындағы ұсынымдар әзірленді.