Esil University-де «Есеп және аудит» кафедрасының апталығы аясында «Халық шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындардың есеп саясатын жетілдіру» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шараның спикерлері ретінде кафедраның магистрлері, аға оқытушылары — Айтхожина А.Е. және Михайлина И.Н. сөз сөйледі.
Семинар жұмысына Esil University мен ЕҰУ профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері, сондай-ақ «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының студенттері мен басқа да қонақтар қатысты.
Қатысушылар экономиканың әртүрлі секторларындағы кәсіпорындардың есеп саясатын жетілдіру ерекшеліктерін қарастырды. Салалық деңгейде бұл процестер өндірістік цикл ерекшеліктеріне бейімделуде көрінеді. Өнеркәсіпте жауапкершілік орталықтары бойынша басқарушылық есепті және өнім түрлері бойынша калькуляцияны енгізуге баса назар аударылады. Ауыл шаруашылығында негізгі аспект — биологиялық активтерді есепке алу және өндірістің маусымдылығы. Құрылыс саласында — аяқталу пайызы әдісін қолдану және объектілер бойынша шығындарды бақылау. Саудада — жеңілдіктерді, бонустарды және қайтаруларды есепке алуды оңтайландыру.
Студенттер семинар тақырыбы бойынша баяндамалар дайындап, есеп жүйелерін жетілдірудің өзекті мәселелерін талқылай отырып, дискуссияға белсенді қатысты. Талқылау жанды және кәсіби атмосферада өтіп, жастардың есеп ғылымы мен практикасын дамытуға жоғары қызығушылығын байқатты.