Esil University-де академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (Есенов университеті) оқытушысының сапары өтті.
Визит жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық меморандумы негізінде ұйымдастырылды және 2026 жылдың 10-16 наурызы аралығында өтті. Университетке «Туризм» кафедрасының оқытушысы — Джанибекова Нурсауле Нургожаевна қонақ болды.
Апта бойы шақырылған оқытушы «6В11101 – Туризм» білім беру бағдарламасы студенттеріне сабақ жүргізіп, туристік сала мамандарын даярлаудағы практикалық білім мен заманауи тәсілдермен бөлісті.
Сабақтар интерактивті форматта өтіп, студенттер арасында жоғары қызығушылық тудырды. Туризм дамуының өзекті үрдістеріне, кәсіби қызметтің практикалық аспектілеріне және оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасуға ерекше назар аударылды.
Визит аясында «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен жұмыс кездесулері де өтті, онда одан әрі ынтымақтастық перспективалары, білім беру бағдарламаларын дамыту және бірлескен ғылыми жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.
Академиялық ұтқырлық білім сапасын арттырудың, университетаралық байланыстарды нығайтудың және халықаралық білім кеңістігіне интеграцияланудың маңызды құралы болып қала береді.
Esil University Есенов университетінің әріптестеріне ынтымақтастығы және білім беру процесін дамытуға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.