«EXPO EURASIA KAZAKHSTAN 2024»
Қазақстан Республикасы, 2024 жылғы 19 - 21 маусым
«EXPO EURASIA KAZAKHSTAN 2024»
Қазақстан Республикасы, 2024 жылғы 19 - 21 маусым
Алматы, Конгресс-орталығы RIXOS
ПРЕСС-РЕЛИЗ
Халықаралық өнеркәсіптік көрме « EXPO EURASIA KAZAKHSTAN 2024 » 2024 жылғы 19-21 маусымда Алматы қаласында Ресей Өнеркәсіп және сауда министрлігінің, Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігі мен Сауда өкілдігінің, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлер одағының, ТПП РФ қолдауымен өтеді.
Іс-шара кәсіпкерлерді біріктіруге, орыс-қазақстандық іскерлік ынтымақтастықты дамытуға және тиімділігін арттыруға мүдделі Ресей мен Қазақстанның бизнес-топтары арасындағы конструктивті диалогты ұйымдастыруға бағытталған.
Көрмеде дәстүрлі, атомдық және баламалы энергетика, мұнай-химия және газ өнеркәсібі, машина жасау, металлургия, электрондық өнеркәсіп, көлік, медицина және фармакология, IT-технологиялар, агроөнеркәсіптік кешен, құрылыс, жоғары және орта кәсіптік білім беру салаларындағы инновациялық әзірлемелер ұсынылады. Ресей өңірлері мен ТМД елдері өздерінің экспорттық және инвестициялық әлеуетін таныстырады; Орталық Азия мемлекеттерінің министрліктері, ведомстволары, сауда-өнеркәсіп палаталары мен іскер ортаның қатысуы жоспарланған.
Энергетика, көлік, АӨК, денсаулық сақтау, экология, білім беру сияқты негізгі ынтымақтастық бағыттары бойынша ҚР профильді министрліктерінің, сондай-ақ Ресей, Қазақстан, Беларусь, Иран, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан іскер қоғамдастығының өкілдерімен дөңгелек үстелдер өтеді. «EXPO EURASIA KAZAKHSTAN 2024» көрмесінің іскери бағдарламасы аясында Қазақстан серіктестерімен өңіраралық деңгейде экономикалық қатынастарды дамыту перспективаларын талқылау қарастырылған. 19-дан 21 маусымға дейін көрмеде В2В форматында іскери байланыстар биржасы жұмыс істейді.
Көрмені және форумды ұйымдастырушы — 20 жылдан астам уақыт бойы әлемнің әртүрлі елдерінде халықаралық іс-шаралар өткізіп келе жатқан ресейлік «Зарубеж-экспо» АҚ компаниясы болып табылады. Қазақстанда ұйымдастыру комитеті 2010 жылдан бері көрмелер өткізіп келеді; осы уақыт ішінде өткен тоғыз көрмеге 800-ден астам ресейлік экспортшы қатысып, жүздеген экспорттық келісімшарттар мен ынтымақтастық туралы келісімдер жасалды.
Ресей мен Қазақстанның 100-ден астам жетекші БАҚ ақпараттық қолдау көрсетеді.
«EXPO EURASIA KAZAKHSTAN 2024» көрмесіне белсенді қатысуға шақырамыз!
Көрме ұйымдастыру комитеті: «Зарубеж-Экспо» АҚ
Тел.: +7 (495) 721-32-36, info@zarubezhexpo.ru , www.zarubezhexpo.ru