«Қаржы» кафедрасының аптасы аясында қаржылық кеңесші Н.М. Жусупова «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 және 3-курс студенттеріне «Басқарушылық қаржылық есептілікке кіріспе» тақырыбында қонақ дәріс оқыды.
Дәріс барысында кәсіпорын балансын жасаудың негізгі принциптері — белгілі бір күндегі активтер, пассивтер және меншікті капиталдың құрылымы қарастырылды. Сондай-ақ студенттер кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі кіріс пен шығыстарын есептеу әдістері, пайда немесе зиян алу туралы білді, сонымен қатар қаржылық есептілікпен және Excel бағдарламасымен жұмыс жасаудың практикалық дағдыларына ие болды.


