«Есеп және аудит» кафедрасында магистр, аға оқытушы Михайлина И.Н. ұйымдастырған «Жеке шекаралар: өзіңдікін қалай қорғауға және басқалардікін бұзбауға болады» тақырыбында Б_УиА 24/1 топтары 2 курс студенттеріне арналған кураторлық сағат өтті.
Кездесу барысында жеке шекаралар ұғымына байланысты негізгі аспектілер қарастырылды: олардың маңызы, түрлері, сондай-ақ оларды орнату мен қорғаудың қажеттілігін көрсететін белгілер. Студенттер жеке шекаралардың бұзылуы кезінде қандай сезімдердің туындайтынын, шекараларды «бұзудың» қандай жолдары бар екенін талқылады, сондай-ақ зиянды фраздардың мысалдарын және олардың дұрыс баламаларын талдады.

