6 желтоқсанда атап өтілетін «Прокуратура күніне» арналған «Заң және тәртіп» іс-шаралары аясында «Esil University»-де «Құқық» кафедрасының қолдауымен университет студенттерінің прокуратурада 37 жылдық еңбек өтілі бар, «Құқық» кафедрасының доценті, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Игемbaев Қусайын Абзалбекұлымен кездесуі өтті.
Кездесуге сондай-ақ ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының магистранттары: Алихан Бикібаев, Самат Жасар және Марал Джансейтова қатысты. Студенттер «Қолданбалы ғылымдар» факультетінің деканы А.А. Мұхаметжанова, «Құқық» кафедрасының меңгерушісі, ғылым кандидаты, доцент А.Қ. Қалиев, сондай-ақ аға оқытушылар Х. Маней қатысуымен кездесті.


