Esil University-де Қазақстан Республикасының СЖРА Ұлттық статистика бюросының өкілдері «Есеп және аудит» кафедрасының профессор-оқытушы құрамымен кездесу өтті. Қонақтар болып Адам ресурстарын дамыту департаментінің директоры Арсен Жақыпов және іріктеу мен ведомстволық бақылау басқармасының басшысы Гүлжанат Байболатова келді.
БҰС өкілдері кафедраның тиімді жұмысын, оның статистиканы дамытуға қосқан үлесін, білікті мамандар даярлауды және мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимылды атап өтті. Білім беру бағдарламаларының жоғары сапасы мен студенттерді практикаға бағытталған оқытуға ерекше назар аударылды.

