Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан аясындағы тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіби әлеуметтік жұмыстың келесі қадамдары: SOLID жобасын іске асыру» тақырыбына арналған Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсымен бірлескен халықаралық конференция өтті.
На этой международной конференции участвовала преподаватель кафедры «Социальная работа и туризм» Ромханқызы Жансұлу.
Қорытынды конференция аясында Қазақстанда, Орталық Азияда, Қытайда және Германияда іске асырылған, тәуелді мінез-құлықты адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге бағытталған SOLID жобалары талқыланды.
Конференцияда сонымен қатар Қазақстандағы кәсіби әлеуметтік жұмыс призмасы арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың ағымдағы жағдайы талқыланды. Әлеуметтік жұмысшылардың кәсіби қауымдастығы бес жыл ішіндегі жетістіктерімен бөлісіп, мүдделі тараптармен алдағы бес жылға арналған бірлескен қадамдарды қарауға ұсынды.
Жалпы қорытынды конференцияның талқылауы ашық және конструктивті сипатта өтті. Мемлекеттік органдар мен академиялық сала, сарапшы қауымдастық, азаматтық қоғам өкілдері сұрақтарды, сондай-ақ докторанттар мен постдокторанттардың баяндамаларын тыңдап, Қазақстан контексіндегі тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі кәсіби әлеуметтік жұмысты жүйелі жетілдіру мәселелері бойынша практикалық ұсыныстар берді.