Esil University-де «Социальдық жұмыс» ОБ қазіргі студентінің академиялық ұтқырлығы» тақырыбындағы оқу семинары өтті.
Іс-шараның спикері ретінде халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы Элмира Заданова сөз сөйледі. Кездесу барысында студенттер академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, алмасу бағдарламалары, қатысу ерекшеліктері және халықаралық тәжірибенің әлеуметтік жұмыс саласындағы болашақ мамандар үшін артықшылықтары туралы пайдалы ақпарат алды.


