Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де қылмыстық процесті цифрландыру туралы қонақ дәріс

Esil University «Құқық» кафедрасының меңгерушісі Асқар Қалиевтің бастамасымен «Құқық» мамандығының 2-курс студенттері үшін қонақ дәрісі ұйымдастырылды.

Дәрісті Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының аға оқытушысы Тулебай Мұқұшов жүргізді. Кездесу барысында қазіргі заманның өзекті мәселелерінің бірі — «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан «Электрондық қылмыстық іс» талқыланды.

Esil University-де қылмыстық процесті цифрландыру туралы қонақ дәрісEsil University-де қылмыстық процесті цифрландыру туралы қонақ дәріс

Спикер электрондық форматты енгізудің артықшылықтары туралы егжей-тегжейлі айтты: жеделдік, ашықтық, уақытты, адами ресурстар мен қаражатты үнемдеу, сондай-ақ қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қатаң сақтау.

Студенттер қызығушылық тудырған тақырыптар бойынша сұрақ қойып, түсініктемелер алып, белсенділік танытты. Іс-шараға «Құқық» кафедрасының оқытушылары да қатысты.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық