«Қаржы» кафедрасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Қаржы» кафедрасының профессоры, э.ғ.д. Загира Дүйсембаевна Искақованың «ҚР банк секторының қазіргі проблемалары» тақырыбына қонақ дәрісін ұйымдастырды. Іс-шара «Қаржы» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері үшін өтті.
Кездесу барысында профессор Исқақова Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің дамуының басты мәселелерін баяндап, банк заңнамасын жаңартуға ерекше назар аударды. Дәріскер «Банктер және банк қызметі туралы» Заңға ұсынылатын өзгерістерді егжей-тегжейлі қарастырды және жаңа нормативтік акт қабылдау кезінде шешімді қажет ететін проблемалық аспектілерді белгіледі.

