Куратор 4 курса Ромханқызы Жансұлу провела совместный кураторский час на тему «Академическая добросовестность» для групп Б-ӘЖ 22/1 Қ, Б-ӘЖ 23/23 Қ и Б-СР 22/1 Р.
Іс-шара барысында кураторлар студенттерге академиялық адалдық ұғымын түсіндіріп, оның жазбаша және зерттеу жұмыстарын (курстық, емтихандық, эссе, диплом жобалары) орындауда адалдықты, өз позициясын білдіруде дербестікті, оқытушылар және курстастармен қарым-қатынаста этикалық нормаларды сақтауды, сондай-ақ білімді бағалау процесінде адалдықты қамтитынын атап өтті.
Студенттерге Esil University студенттері мен қызметкерлерінің академиялық адалдығы туралы нормативтік ереже таныстырылды. Бұл құжат университеттің даму стратегиясына сәйкес әзірленген және академиялық адалдық қағидаттарын, оқушылардың құқықтары мен міндеттерін, академиялық адалдықты бұзу түрлерін және жауапкершілік шараларын қолдану тәртібін айқындайды.
Куратор сағатының басты мақсаты — студенттерде білім беру үдерісіндегі адалдық пен сенімге саналы көзқарасты, сондай-ақ оқудағы жеке жауапкершіліктің маңыздылығын түсінуді қалыптастыру.
Кездесу барысында мынадай мәселелер қаралды:
• сыбайлас жемқорлық ұғымы және оның қоғам мен жеке тұлға үшін теріс салдарлары;
• әрбір студенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әдістері және оқытуда этикалық нормаларды сақтаудың маңыздылығы.
Сыбайлас жемқорлық — бұл тек заңды бұзу ғана емес, сонымен бірге әділеттілік пен сенім принциптерін бұзатын қоғам дамуының маңызды кедергісі екендігі атап өтілді. Әрбір студент өзінің жеке жауапкершілігін сезінуі және адалдық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуы тиіс.
Академиялық адалдықтың маңызы төмендегіде:
• жеке адалдық пен жауапкершіліктің дамуына ықпал етеді;
• этикалық және адамгершілік құндылықтарды нығайтуға көмектеседі;
• университетте сенім мен әділдік атмосферасын қалыптастырады.