Esil University бірінші курс студенттерімен университет қонағы — АҚШ азаматы, ағылшын тілі оқытушысы Келли Вильям кездесті. Кездесу тақырыбы АҚШ-тағы өмірге арналды, ал оның басты мақсаты тыңдалым дағдыларын және ағылшын сөзін тыңдап түсіну қабілетін дамыту болды.
Іс-шара СГП кафедрасының ағылшын тілі секциясы ұйымдастырды. Кездесу барысында қонақ студенттерге АҚШ-тағы білім беру жүйесі туралы айтып берді, сондай-ақ Испанияда, Ресейде және Қазақстанда тұру және ағылшын тілін оқыту жөніндегі жеке тәжірибесімен бөлісті. Келлидің күйеуі Уильям да Астанада ағылшын тілін оқытатыны атап өтілді.


