«Менеджмент» кафедрасы ұйымдастырған секциялық отырыста кафедраның аға оқытушысы, магистр Г.О. Тансықбаева «Киберқылмыстың ұлттық экономикаға әсері» тақырыбындағы баяндама жасады.
Киберқылмыс — жедел цифрландыру жағдайында ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін өзекті мәселе. Ақпараттық жүйелерге заңсыз қол жеткізу, қаржылық алаяқтық, деректерді ұрлау және инфрақұрылымға шабуылдар мемлекет пен бизнеске елеулі материалдық зиян келтіреді.

