Көрнекті қайраткер Мыржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай Esil University-де «Мыржақып Дулатұлының мұрасы — ұлттық рухани маяк» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Сабақты «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының PhD, аға оқытушысы Қабдешова Қуралай Ахметқызы орыс тілінде оқытылатын бөлімнің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1-курс 2-тобының студенттерімен өткізді. Іс-шараның мақсаты — студенттерді Мыржақып Дулатұлының өмірі мен шығармашылығымен, оның «Алаш» қозғалысына қосқан үлесімен таныстыру, сондай-ақ патриотизмді, тарихи жадыға және ұлттық құндылықтарға құрметті тәрбиелеу болды.


