Esil University кітапханасында «Кітап күні» аясында ерекше форматта тәрбие сағаты өтті. «Менеджмент» мамандығының 1 курс студенттері (орыс тобы) «Кітап клубы» форматында ұйымдастырылған қазақ тілі сабағына қатысты. Іс-шараны әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доцент м.а., PhD Күрәлай Қабдешова жүргізді.
Тәрбие сағатында студенттер оқыған және белгілі көркем шығармалар туралы пікірлерімен бөлісті. Интерактивті тапсырмалар ерекше қызығушылық тудырды: қатысушылар сүйікті әдеби кейіпкерлердің бейнесінде келіп, оларды сипаттай отырып, басқаларға шығарманы болжауды ұсынды.

