Іс-шара барысында Бүкіләлемдік қазақтар қауымдастығының және Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен шетелден келіп, дайындық бөлімінде оқып жатқан 120 қандас студентке Рамазан айына орай ауызашар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы әлеуметтік осал санатқа жататын 20 студентке бір реттік стипендия табыс етті.
Қайырымдылық іс-шарасы 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен, дайындық бөлімінің тыңдаушылары қонақтарды мерекелік өнер көрсетумен қуантты.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының өкілдері — Жәнібек Бақытұлы Лесбеков, Алмат Тұрсынбекұлы Алтай және Ғалым Үлкенбайұлы сөз сөйледі. Университет атынан құрметті қонақтарға алғыс хаттар табысталды.
Мұндай қолдау, сөзсіз, қандас студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді және олардың тарихи отанында бейімделуіне маңызды рухани қолдау көрсетеді.