23 сәуірде «Қаржы» ОБ 2-курс студенттері үшін «Сақтандыру» пәні бойынша қонақ дәрісі өтті. Дәрісті «NOVAD life» сақтандыру компаниясының өңірлік кеңсесінің басшысы Гүлден Тәжина өткізді.
Дәріс барысында Қазақстанның сақтандыру компанияларының жұмыс ерекшеліктеріне, қаржылық көрсеткіштерді талдауға және компаниялардың қызмет нәтижелеріне назар аударылды. Студенттердің ерекше қызығушылығын «NOMAD BOLASHAQ», «Зейнетақы аннуитеті» компаниясының сақтандыру өнімдері туралы ақпарат тудырды.


