Esil University-де студенттерді ақпараттық қолдау шеңберінде «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері үшін кураторлық сағат өткізілді. Іс-шара халықаралық бөлім мен топ кураторы Мадина Успамбаева бірлесіп ұйымдастырды.
Кездесу барысында студенттерге академиялық мобильділік мүмкіндіктері, алмасу бағдарламалары, қатысу шарттары және шетелде оқудың артықшылықтары туралы айтылды. Өтінімді беру рәсіміне, қажетті құжаттарға және академиялық көкжиегін кеңейткісі келетін студенттерге университеттің қолдауына ерекше назар аударылды.

