Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де отандастарды қолдау мақсатында «Foundation» орталығы ашылды

Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының өкілдерімен кездесуде Esil University-дің бірінші проректоры, профессор Мақыш Серік Бихановичпен және кәсіптік бағдарлау басқармасының басшысы Аханов Берік Өтелбайұлы бакалавриат, магистратура және PhD докторантура білім беру бағдарламаларына этникалық қазақтар арасынан жастарды тарту мәселелерін талқылады.

Бұдан басқа, Esil University-де ашылған «Foundation» орталығы тіл үйренгісі келетін студенттерді қабылдауға дайын екендігі жарияланды. Бұл орталық Қазақстанда жас этникалық қазақтардың білім алуына жағдай жасайды және оларды жоғары оқу орындарына түсуге дайындайды.

Esil University-де отандастарды қолдау мақсатында «Foundation» орталығы ашылдыEsil University-де отандастарды қолдау мақсатында «Foundation» орталығы ашылды

Сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне арнайы квоталар есебінен университетке 200 грант бөлуге жәрдемдесуін сұрап өтініш жолданды. Бұл бастама шетелдегі отандастарымыздың оқу мүмкіндіктерін кеңейтуге және олардың қазақстандық қоғамға тез бейімделуіне бағытталған.

Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығы аталған мәселені жан-жақты қарастыруға және қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық