Esil University-де НИУ ВШЭ (Санкт-Петербург) «Білім берудегі беделді басқару» зертханасының меңгерушісі PhD Магдалена А. Гаете Сепулведаның дәрісі өтті. Кездесудің тақырыбы университеттердің беделі және олардың үшінші миссияны — қоғаммен өзара іс-қимылды — жүзеге асырудағы рөлі болды.
Дәрісші қазіргі заманғы жоғары оқу орындарының дамуының негізгі бағыттарын қозғады: бәсекеге қабілеттілікті арттыру, білім беруді жекелендіру, қолданбалы жобалық оқыту, жаһандық мобильділік және гибридті форматтар. Бизнеспен интеграцияға, қолданбалы зерттеулерге және университеттік ортадағы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше назар аударылды.


