Юр-25/1 К тобының бірінші курс студенттерімен «Сталкинг дегеніміз не» және сталкинг үшін қабылданған жаңа қылмыстық жауаптылық туралы тақырыпта кураторлық сағат өткізілді; «Құқық» кафедрасының аға оқытушысы Тоқбай Самат өз кураторлық топтары үшін кураторлық сағат жүргізіп, оқушылардың ар-намыс кодексімен, студенттердің оқытушылармен және университет студенттерімен қарым-қатынас ережелерімен таныстырды және қабылданған жаңа заңдардың маңыздылығына назар аударды.
Куратор сондай-ақ студенттердің университеттегі мінез-құлқы, сыртқы келбеті, этикалық нормалары және студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынастағы нормативтік емес лексика мәселелерін қозғады. Кездесудің соңында куратор адалдық принциптері тек университеттің ресми талаптары ғана емес, сенімнің, құрметтің және кәсіби этиканың негізі екенін атап өтті.

