Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Esil University-де академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру тақырыбында кураторлық сағат өткізілді

Куратор 2 курса Гиззатжанова Ажар Гиззатжанова провела кураторский час на тему «Академическая добросовестность» для групп Б Тур - 24/1 Қ.

Іс-шара барысында кураторлар академиялық адалдықтың мәнін түсіндіріп, оның студенттің оқу және ғылыми қызметіндегі жауапкершілік, әділдік және шынайылық принциптеріне негізделетінін атап өтті. Академиялық адалдық — бұл өзіндік жазбаша және зерттеу жұмысын орындауды, өз пікірін ашық білдіруді, оқытушылар мен студенттер арасындағы өзара сыйластық пен сенімді қолдауды қамтитын құндылықтар жүйесі екені түсіндірілді.

Esil University-де академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру тақырыбында кураторлық сағат өткізілдіEsil University-де академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру тақырыбында кураторлық сағат өткізілді

Кездесуде сонымен қатар «Esil University» оқу орнының нормативтік құжаты — «студенттер мен қызметкерлердің академиялық адалдығы туралы ереже» таныстырылды. Аталған ереже университеттің даму стратегиясына сәйкес жасалған және оқушылардың құқықтары мен міндеттерін, академиялық адалдық принциптерін және олардың бұзылуы жағдайында қолданылатын шараларды айқындайды.

Кураторлық сағаттың негізгі мақсаты студенттерде академиялық адалдыққа, адал еңбекке және өз ісіне жауапты қарауға деген көзқарасты қалыптастыру болды.

Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық ұғымының мәні және оның қоғам мен жеке адамға теріс әсері, студент, оның ішінде әрбір азаматтың мәдениетті дамытудағы белсенді рөлі, оқу үдерісінде этикалық нормаларды сақтаудың маңызы қарастырылды.

Куратордың атап өткеніндей, сыбайлас жемқорлық — бұл тек заң бұзушылық қана емес, қоғамның дамуына, әділдік пен сенімнің қалыптасуына кедергі келтіретін әлеуметтік дерт. Әрбір студент жеке мінез-құлқымен, адал еңбегімен және әділдігімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға өз үлесін қосуы тиіс.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық