Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Студенттер үйінде Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізілді

Университеттің қолданбалы ғылымдар факультетінде Наурыз мерекесі қарсаңында мерекелік іс-шара өтті.

Студенттер үйінде студенттер мен оқытушылар бұл маңызды күнді бірге атап өту үшін жиналды. Іс-шараның басында әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан м.а. Айгүл Мұхамеджанова барлық қатысушыларды келе жатқан Наурызбен құттықтап, табыс пен қуаныш тіледі.

Студенттер үйінде Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізілдіСтуденттер үйінде Наурыз мерекесіне арналған концерт өткізілді

Студенттер ән салу мен биде өз таланттарын көрсетті. Сонымен қатар студенттерге ауызашарға орай сыйлық қораптары табысталды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық