Доцент м.а., философия ғылымдарының докторы PhD Қалмағанбетова Д.Б. «Экономикалық қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттерімен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің сот сараптамалары орталығына шығу сабағын өткізді.
Сабақ барысында оқушылар сот-медициналық сараптама тағайындау мен жүргізу тәртібімен, іс жүргізу құжаттарымен және сараптамаларды жүргізудің ерекшеліктерімен танысты. Студенттерге зерттеу объектілері көрнекі түрде көрсетіліп, сарапшы қорытындысын дайындауға қажетті әдістер мен тәсілдер түсіндірілді.


