Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Бас прокуратура академиясының магистранттарымен кездесу

Esil University «Құқық» кафедрасы аясында ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 1 курс магистранттары — Ескали А.Т., Файзоллаева Ж.Н. және Тайтелев А.А. қатысуымен мазмұнды кездесу өтті.

Іс-шара барысында «Жеке тұлғалар жасаған қылмыстар үшін жаза тағайындау мәселелері», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі шеңберіндегі мәселелер» және «Жастар санасына деструктивті діни экстремизмнің ықпалына қарсы күрестің құқықтық аспектілері» тақырыптары жан-жақты талқыланды.

Бас прокуратура академиясының магистранттарымен кездесуБас прокуратура академиясының магистранттарымен кездесу

Студенттер Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қылмыстық кодексін және Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін егжей-тегжейлі талдап, құқықтық нормаларды практикада қолдану туралы бағалы білім алды. Іс-шара өте мазмұнды өтіп, студенттердің қызығушылығын оятты. Тыңдаушылар сұрақтар қойып, пікірталасқа белсене қатысып, заңгерлік білімдерін кеңейтті.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық