Esil University-нің ғылыми кітапханасы 1 наурыздағы Алғыс айту күніне арналған музыкалық-танымдық кездесу ұйымдастырды. Қонақтар болып Астана қаласының Жас көрермен музыкалық театрының актерлері болды: Дінісламн Нұрмағанбетов — ҚР Мемлекеттік стипендиясының иегері, Ернар Мұхамбет және Ақшынар Қалдыбай, Жанел Есенгелдина — актриса, Алишер Исмаилов — актер.
Іс-шараның мақсаты — студенттеріміздің, жастардың сахнада ойнайтын және орындайтын әрбір рөлін өзіне, досына, отбасына, ұстазына, уақытқа, қоғамға тұтастай алғанда алғыс сезімімен бағыттау, яғни әркімнің өзіне және өз тағдырына құрметпен қарауы.


