Esil University-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара 2026 жылдың 15 наурызына белгіленген республикалық референдумға дайындық аясында өтіп, студенттерді жобаның маңызды өзгерістері мен ережелері туралы хабардар етуге бағытталды.
Кездесудің модераторы ретінде Байқоңырдағы «Аманат» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дамир Абдуллаев шықты. Спикерлер арасында: • Қанат Естек – «Аманат» партиясының Байқоңыр аудандық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты; • Дастан Даулетияров – «Республика» партиясының мүшесі; • Ұлан Абдыханов — Астана қаласындағы «Ауыл» партиясы филиалы төрағасының орынбасары.


