Esil University-де «Менеджмент» білім беру бағдарламасының бакалавриаттың 1-курс студенттеріне арналып 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай «Қоғамдағы әйелдердің рөлі: көрнекті өмірбаяндар» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараны әлеуметтік және гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Есенгелдинова А.Т. жүргізді.
Іс-шара барысында студенттер қоғамдық өмірдің түрлі салаларының дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті әйелдердің өмір жолымен және жетістіктерімен танысты. Ғылым, өнер, спорт, мәдениет және қоғамдық қызмет саласындағы атақты әйелдердің өмірбаяндары ұсынылды. Қазіргі қоғамдағы әйелдің рөлін, оның кәсіби өзін-өзі таныту мен әлеуметтік ықпалын талқылауға ерекше назар аударылды.

