«Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасы студенттерінің тәрбие жұмысын жүзеге асыру және әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру аясында «SOS Балалар ауылы Астана» ЖБМ қолдауына байланысты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды және өткізілді.
Тәрбиелік сипаттағы іс-шараны «Әлеуметтік жұмыс және туризм» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы ұйымдастырды: Бурганова Роза Ильдаровна, Әдебиетова Айман Есенкуловна, Ромханқызы Жансұлу , сондай-ақ «Әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттері. Іс-шара студенттерде гуманизм, мейірімділік, әлеуметтік жауапкершілік және белсенді азаматтық ұстаным құндылықтарын дамытуға бағытталды.
Қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу барысында студенттер ПОҚ-пен бірлесіп «SOS Балалар ауылы Астана» ЖБМ-не көмек көрсетуге бағытталған қажетті қаражат жинады. Жиналған қаражатқа Балалар мен отбасыларды қолдау орталығында жатқан балалар мен отбасылар үшін бірінші кезектегі тауарлар сатып алынды, бұл олардың күнделікті өміріндегі жағдайды жақсартуға ықпал етті.
Өткізілген іс-шара маңызды тәрбиелік әсер берді: студенттер әлеуметтік жұмыстың кәсіби құндылықтарын практикада іске асырып, командамен жұмыс істеу дағдыларын, бастамашылдықты және әлеуметтік осал топ халқына деген жауапкершілікті дамытты. «SOS Балалар ауылы Астана» ЖОО әкімшілігі студенттер ұжымы мен профессор-оқытушылар құрамына әлеуметтік бастамаларды дамытуға және балалар мен отбасыларды қолдауға қосқан үлестері үшін шынайы алғысын білдірді.
Бұл іс-шара білім беру ұйымы мен әлеуметтік серіктестің табысты өзара іс-қимылының үлгісіне айналды, сондай-ақ одан әрі жемісті ынтымақтастықты дамыту және бірлескен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру үшін негіз болды.