Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Адалдық сағаты» акциясы аясында Esil University-де кездесу өткізді

2024 жылдың 9 қыркүйегінде Esil University-де «Адалдық сағаты» акциясы аясында Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің алдын алу басқармасы бастығының орынбасары Уалихан Нұрмаханбетұлы Қарамаев өткізген кездесу болды.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың жаңалықтары таныстырылды, Агенттіктің қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы талқыланды. Қатысушыларға сондай-ақ «Бизнеске жол» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілік» жобалары туралы тақырыптық бейнероликтермен бірге баяндалды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Адалдық сағаты» акциясы аясында Esil University-де кездесу өткізді

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандырудың оң кейстері түсіндірілді, Антикоррупциялық қызметке жұмысқа орналасу мәселелері және әртүрлі салалардағы сыбайлас жемқорлықтың ерекшелігі қарастырылды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық