Негізгі мазмұнға өту
«АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

ШуйтеновГабитЖумабаевич

педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, доцент

Шуйтенов Габит Жумабаевич

Оқытушы туралы

Шуйтенов Ғабит Жұмабайұлы 1973 жылы 5 шілдеде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. 1990 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Ақтөбе педагогикалық институтының физика-математика факультетіне «Физика және информатика» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын үздік бітіргеннен кейін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің «Информатика және ЕТ» кафедрасының оқытушысы болып тағайындалды. Жоғары білім беру жүйесіндегі үздіксіз еңбек өтілі 1995 жылдан басталады, осы жылы Шуйтенов Ғ.Ж. оқытушыдан, «ИЕТ», «Ақпараттық жүйелер» кафедраларының аға оқытушысынан қашықтықтан оқыту технологиялары орталығының директоры және сырттай оқу факультеті мен электрондық оқыту факультетінің деканы лауазымдарына дейінгі жолдан өтті.

2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қашықтықтан оқыту факультетінің деканы болып жұмыс істеді. Негізгі функциялары — оқу үдерісін басқару және бақылау, жаңа ақпараттық технологияларды және қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу, онлайн сабақтар өткізу жүйелерін (Linux негізінде) орнату және енгізу, ішкі электрондық құжат айналымы мен есеп жүйесін өз бетінше әзірлеу (YII 2 фреймворкі), бұлттық деректерді сақтау жүйелерін орналастыру, әкімшілік және оқу үдерістерін оңтайландыру мен автоматтандыру, ПОҚ-қа арналған оқыту семинарлары мен вебинарларын өткізу болды.

Кандидаттық диссертация тақырыбы бойынша, білім беруді ақпараттандыру, инновациялық цифрлық технологияларды енгізу, ақпараттық жүйелердің сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша 45-тен астам жарияланымның авторы. АҚШ пен Ұлыбритания журналдарында 2 мақала (47 процентиль), 5 КОКСНВО мақаласы, 2 оқу құралы, Хирш индексі – 2. «Молдова, Қазақстан, Вьетнам кәсіпорындарында компьютерлік жүйелер мен желілерді дамыту, әкімшілендіру, басқару және қорғау бойынша кәсіби бакалавриат пен кәсіби магистратура бағдарламасы – LMPI 2017-2020» Эразмус+ жобасының сарапшысы болды.

ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған – 2018 жыл.