*ESIL University
Digital маркетинг
«Digital маркетинг» білім беру бағдарламасы маркетингтік, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың озық жетістіктерін пайдалана отырып, маркетингтік қызмет пен бизнесті кәсіби жүргізе алатын мамандарды даярлайды.
Бағдарлама цифрлық маркетинг саласында қолданылатын заманауи құралдар мен технологияларды оқып-үйренуге ерекше көңіл бөледі.
4 жылОқу кезеңі
БакалавриатБілім деңгейі
Математика · ГеографияБейіндік пәндер
*Пәндерді тереңдетіп оқу
Сіз неге үйренесіз
Деректер аналитикасыМаркетингтік шешімдер қабылдау үшін деректерді жинау және талдау әдістерін меңгеру.
Әлеуметтік желілердегі жарнамаӘлеуметтік желілердегі жарнамалық науқандарды басқару.
Стратегиялық маркетингТауарлар мен қызметтерді ілгерілетудің маркетингтік стратегияларын әзірлеу.
Контекстік жарнамаЦифрлық кеңістікте контекстік жарнаманы баптау және жүргізу.
Маркетингті автоматтандыруМаркетингтік процестерді автоматтандыру және басқа да заманауи құралдар.
Оқыту нәтижесіБұл құралдарды қолдану түлектерге маркетингтік мақсаттарға жету және цифрлық кеңістікте тауарлар мен қызметтерді табысты ілгерілету үшін озық технологияларды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
*Мүмкіндіктер мен қызмет саласы
Түлектің мансабы
Түлектің құзыреттіліктеріЦифрлық маркетинг, коммуникация және ақпараттық технологиялар саласындағы терең білім, сондай-ақ маркетинг пен бизнес саласында табысты жұмыс істеуге қажетті аналитикалық, зерттеушілік және коммуникативтік дағдылар.
Мемлекеттік кәсіпорындарМаркетингтік қызметті цифрландыруды қажет ететін мемлекеттік кәсіпорындардағы жұмыс.
Коммерциялық ұйымдарӘртүрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы коммерциялық ұйымдар.
Коммерциялық емес ұйымдарМаркетингтік қызметті цифрландыру саласында кәсіби білімді қажет ететін коммерциялық емес ұйымдар мен бірлестіктер.
