Негізгі мазмұнға өту
Бөлісу:fintg

«Қаржы» кафедрасында ашық дәріс өтті

«Қаржы» кафедрасы Украина ҰҒА Экономика және болжам институтының халықаралық қаржылық зерттеулер секторының меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Борзенко Елена Александровнаның қонақ дәрісін ұйымдастырды.

«Украина экономикасын сауықтыру және қаржылық-экономикалық мәселелер» тақырыбындағы дәріс Е.А. Борзенко академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Алматыдағы Нархоз университетінде болғандықтан онлайн форматта өткізілді.

«Қаржы» кафедрасында ашық дәріс өтті«Қаржы» кафедрасында ашық дәріс өтті

Дәрістің тақырыбы украиналық ғалымдар жасаған болжамдық бағыттар тұрғысынан Украина экономикасының дамуының өзекті мәселелерін қамтыды. Елена Александровна макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша статистикалық деректер келтіріп, экономиканың ақша-несие реттелу мәселелеріне тоқталды және ЖІӨ, инфляция, валюта бағамы және т.б. бойынша сценарийлік болжамдарды баяндады.

Дәрісте өнеркәсіптің, көліктің негізгі салаларын қалпына келтіру және дамыту бағыттары қамтылды. Монетарлық қолдау мәселелеріне және болашақта оларды шешу жолдарына ерекше назар аударылды.

Дәріс ZOOM платформасында өткізілді. Тыңдаушылар — «Қаржы», «Экономика» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының 2 және 3-курс студенттері (25 адам), сондай-ақ оқытушылар ұсынылған ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, қызықтыратын сұрақтар қойды. Қонақ дәрісінің материалдары өте өзекті болып табылады және «Қаржы» мен «Шет елдер экономикасы» курстары бойынша білімді тереңдетуге бағытталған.

Жалпы алғанда, тыңдаушылар әлемдік экономиканың дамуының қазіргі мәселелері және оларды шешудің қаржылық-экономикалық аспектілері туралы өзекті мәліметтер алды.

ЖаңалықтарғаКелесі жаңалық