Халықаралық жобалар
Erasmus+ демеушілік ететін WELCOME халықаралық жобасы («Халықаралық университеттік қауымдастықтарға қарай») Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындарының халықаралық қызметін нығайтуға және шетелдік студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді тартуға бағытталған. Жобаның іске асырылу мерзімі — 2016–2019 жылдар.
«WELCOME: Халықаралық университеттік қауымдастықтарға қарай» жобасы Erasmus+ бағдарламасының қолдауымен іске асырылуда. Осы жобаның мақсаты болып табылады Қазақстан мен Қытай жоғары оқу орындары қызметінің халықаралық бағытын шетелдік студенттерді, оқытушыларды және зерттеушілерді тарту үшін стратегиялық және маркетингтік әдістемелерді енгізу арқылы нығайту.
Жобаны іске асыру уақыты: 2016 – 2019 ж.ж. Жобаның ресми сайты – http://www.welcomeproject.net/
WELCOME жобасы


Жоба серіктестері
- Каталония политехникалық университеті, Испания – http://www.upc.edu/
- Бэйхан университеті, Қытай Халық Республикасы – http://ev.buaa.edu.cn/
- НАРХОЗ университеті, Қазақстан – http://narxoz.kz/ru
- Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті, Қазақстан – https://kuef.kz/ru/
- Корольдік технологиялық институт, Швеция – https://www.kth.se/
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақстан – http://www.enu.kz/ru/
- Таллин техникалық университеті, Эстония – https://www.ttu.ee/en/
- Тунцзи университеті, Қытай Халық Республикасы – http://www.tongji.edu.cn/english/
- Лиссабон университеті, Португалия – https://www.ulisboa.pt/
- Ровира и Вирхили университеті, Испания – http://www.urv.cat/en/
- Перпиньян – Виа Домитьа университеті, Франция – http://www.univ-perp.fr/
WELCOME жобасының тренингтері
Корольдік технологиялық институт (Стокгольм), 2018 жылғы 16–20 сәуір
2018 жылғы 16–20 сәуір аралығында Швецияның Корольдік технологиялық институтында (Стокгольм қ.) WELCOME жобасы бойынша тренинг өтті. Тренинг КТИ-дің интернационалдандыруды дамыту, шетелдік студенттер мен оқытушыларды бейімдеу тәжірибесіне арналды, сондай-ақ Таллин техникалық университеті мен Жоғары техникалық институт (Лиссабон қ.) өкілдерінің баяндамалары болды.
Жаттықтырушылар ретінде университет әкімшілігін қоса алғанда, түрлі құрылымдар мен бөлімшелердің қызметкерлері болды.
19 сәуірде жобалық кездесу өтті, оның аясында шетелдік студенттерді тарту үшін порталды құру, Сапа бойынша есепті талқылау, Қазақстан мен Қытай университеттерінде халықаралық орталықтар құру мәселелері талқыланды. Сондай-ақ ақпаратты тарату бойынша ұлттық және халықаралық конференциялар өткізу мен кездесулер тәртібі келісілді.
Кездесу қорытындысы бойынша топтарда жұмыстар, презентацияларды талқылау және кампус бойынша экскурсия да өткізілді.
Қорытынды сессияда барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Таллин техникалық университеті, 2018 жылғы 4–7 маусым
2018 жылғы 4-7 маусым аралығында Таллин техникалық университетінің TUT (Эстония) базасында Жоба серіктестері – Жоғары техникалық институттың (Португалия), Бэйхан университетінің (ҚХР), Тонцзы университетінің (ҚХР) өкілдерінің қатысуымен жоғары білімді интернационалдандыру бойынша тренинг өтті. Тренингте Қазақстан Республикасын Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық институты, Қарағанды мемлекеттік медицина университеті және Нархоз университеті ұсынды.
Тренинг бағдарламасына TUT өкілдерінің презентациялары енді, оларда ғылымның, маркетингтің және маркетингтік саясаттың, халықаралық ынтымақтастық пен интернационалдандырудың заманауи мәселелері ұсынылды. Сонымен қатар, TUT өкілдері персоналды басқару, оны ілгерілету және ынталандыру жүйесі, халықаралық студенттерді қолдау саласындағы тәжірибемен бөлісті.
Университеттің жалпы интернационализациясындағы, 2010-2018 жж. стратегиялық мақсаттар мен саясатты іске асырудағы, оның өнімдерін нарыққа ілгерілетудегі халықаралық бөлімнің рөлі жеке қарастырылды.
Презентациялар нәтижелері бойынша талқылау барысында тренинг қатысушылары студенттер алмасу аясында интернационалдандыру стратегиясын жоспарлау және енгізу жөніндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.
Бағдарлама платформаны әзірлеу барысы және жобаның WP мәртебесін қарау туралы жоба бойынша кеңеспен аяқталды. Тренинг аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Таллин Техникалық университеті Эстонияның ең ірі университеттерінің бірі және елдің жетекші техникалық университеті болып табылады. Пәнаралық білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу бағдарламалары оған нарық сұраныстарын табысты қанағаттандыруға және ұқсас бейіндегі жетекші университеттермен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Каталония политехникалық университеті, 2018 жылғы 19–23 қараша
2018 жылғы 19-23 қараша аралығында Каталония Политехникалық университетінің базасында жоғары оқу орнын интернационалдандыру бойынша стратегиялық жоспарды дайындау жөніндегі воркшоп өтті. Осы воркшоп аясында барлық қатысушылар интернационалдандырудың жалпы стратегиясын тәжірибеде құрды, оны болашақта өздерінің жеке стратегияларын құруда пайдалануға болады.
Воркшопты тренерлер Виченс Фернандез бен Ева Гайярдо өткізді. Виченс қазақстандық серіктестермен стратегия әзірлесе, Ева қытайлық серіктестермен стратегия әзірледі.
Жобалық кездесулер 21 қарашада өткізілді, онда қаржылық мәселелер, порталды әзірлеу, халықаралық орталықтардың жұмысы, тренингтер өткізу, ақпаратты тарату жөніндегі конференциялар өткізу, сапаны қамтамасыз ету және жобаның тұрақтылығы талқыланды.
Сондай-ақ тренинг аясында интернационалдандыру стратегиясын әзірлеудің теориялық бөлімі, кампусқа, халықаралық кеңсеге және шетелдік студенттерге арналған орталыққа экскурсиялар өтті.
Соңында барлық қатысушылар қатысқаны туралы сертификаттармен марапатталды.
Лиссабон техникалық институты, 29 мамыр – 2 маусым
29 мамыр мен 2 маусым аралығында Лиссабон техникалық институтының (Португалия) базасында серіктес елдердің жоғары оқу орындарының қатысуымен жоғары білімді интернационалдандыру жөніндегі тренинг өтті.
Тренинг бағдарламасына шеберлік сабақтары, пікірталастар, сондай-ақ Португалия, Испания, Швеция, Франция және Эстония жоғары оқу орындары өкілдерінің презентациялары енді. Қатысушы жоғары оқу орындарының презентациялары мына тақырыптар бойынша өткізілді: «Интернационалдандыру саясаты мен стратегиясы», «Стратегиялық жоспарлау», «Қолдау қызметі», «Мобильділік және ынтымақтастық», «Халықаралық рейтингтер», «Қос дипломдау және жұмысқа орналастыру», «Алмасу бағдарламалары / жазғы мектептер».
Қатысушылар интернационалдандыру стратегиясын жоспарлау мен енгізу, ПОҚ, студенттер алмасу аясындағы қызмет, жоғары оқу орындары қызметкерлеріне тренингтер өткізу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарының тиімді қызметі үшін рейтингтердің маңыздылығы және барлық қызметкерлерді интернационалдандыру үдерісіне тарту идеялары атап өтілді.
Бағдарлама интернационализация шеңберінде өтілген тақырыптар бойынша қатысушылардың қорытынды есептерімен аяқталды. Семинар аяқталған соң барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Тренингтерден фотосуреттер










«Жоғары оқу орындарын интернационалдандыру» халықаралық конференциясы
2017 жылдың 8-нен 12 желтоқсанға дейін ERASMUS + демеушілік еткен WELCOME жобасын жүзеге асыру аясында интернационализация бойынша халықаралық конференция өтті. Конференция Қытайдың экономикалық орталығы – Шанхай қаласында орналасқан жетекші қытай университеті Тунцзы базасында өткізілді. Конференцияның мазмұнды бағдарламасы аясында интернационализация процесінің даму проблемалары мен перспективалары қаралды, сондай-ақ қытай мен қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарының интернационализация деңгейін жетілдіру жөніндегі нақты шаралар қаралды, жетекші шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының халықаралық тәжірибелері ұсынылып, зерттелді.
8 желтоқсанда жобаның алғашқы жобалық отырысы өткізілді, оның барысында жобаның қаржылық бөлігіне қатысты мәселелер жобаның қаржы менеджері, Каталония политехникалық университетінің өкілі Тони Флоренсио тарапынан реттеліп, қаралды. Жоба туралы ақпаратты тарату мәселесі, жобаны іске асырудың тұрақтылығы мен сапасы сияқты мәселелер бойынша пікірталас өткізілді.
9 желтоқсанда Тунцзы университетінің проректоры, құрметті профессор Шу Гуаньминнің, сондай-ақ университеттегі жобаның институционалдық үйлестірушісі Ю Джин ханымның қатысуымен конференцияның ресми ашылуы өтті. Бейханг университеті (Пекин, Қытай) халықаралық бөлімі директорының орынбасары Ли Инг ханым интернационалдандыру деңгейі бойынша халықаралық тәжірибелердің тәсілдерін, әдістерін және салыстырмалы талдауын ұсынды. WELCOME жобасы аясында IST университетінің (Лиссабон, Португалия) халықаралық бағдарламалар үйлестірушісі Анна Аганта Лукас сөз сөйледі. Қазақстандық серіктестер тарапынан Қарағанды мемлекеттік медицина университеті халықаралық департаментінің директоры Сәуле Қасымова ханым «Қазақстандағы жоғары білімді интернационалдандыру» атты баяндамамен сөз сөйледі.
10 желтоқсан серіктес университеттердің, оның ішінде ҚазЭҚХСУ тарапынан да өкілдерінің баяндамаларына, сондай-ақ дөңгелек үстелдер өткізуге арналды.
Лаура Лерга ханым — Ровира и Верхилий университетінің (Испания) жобалық менеджері, интернационалдандыру бойынша университетті жүйелі түрде жетілдіру баяндамасымен.
Мисс Мадли Криспин — Таллин Технология университетінің (Эстония) жобалық менеджері, Таллин Технология университетіндегі интернационализация туралы баяндамамен.
Шынар Имангалиева ханым — Нархоз университетінің халықаралық байланыстар департаментінің директоры, «Қазақстандық жоғары оқу орындарының студентке бағдарланған саясаты контекстіндегі интернационалдандыру: ел ішінде де, шетелде де» атты баяндамамен.
3 дөңгелек үстел өткізілді.
1) Онлайн құралдар мен ресурстар. ЖОО-ның интернационалдандыру деңгейін қалай бағалауға болады? Модератор — профессор Винсенс Фернандез. Дөңгелек үстел барысында біздің альма-матер — ҚазЭҚХСУ атынан жетекші IT маманы, PhD профессор Серік Алтынбек «Онлайн ресурстар мен құралдар — ЖОО-лардың интернационалдандыру деңгейін арттыру жолдары ретінде» тақырыбында презентация өткізді.
2) Интернационалдандыруға бағытталған студенттерді қолдау орталықтарының болашағы. Модератор Мисс Сабина Мендыгазиева (ЕҰУ).
3) Университеттік интернационалдандырудың ең жоғары деңгейіне жету үшін ПОҚ пен қызметкерлерді қалай оқыту керек? Модератор – Мисс Лаура Лерга.
11 желтоқсанда қорытынды жобалық отырыс өткізілді, оның барысында халықаралық конференцияның қорытындылары мен нәтижелері шығарылды, сондай-ақ жобаның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және оларды жүзеге асыру үшін кейінгі бағыттар айқындалды.
Мониторинг
18 қазанда сағат 15.00-де Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында Қазақстандағы Эразмус+ бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатова ханым ұйымдастырған жоба командаларымен консультациялық кездесу өтті.
Кеңес беру кездесуі барысында WELCOME жобасын басқарудағы негізгі қиындықтар мен мәселелер, оларды шешу жолдары, жобаның негізгі кезеңдері, жаңа жобалар үшін бастапқы кездесуді ұйымдастыру талқыланды. Кеңес беру кездесуі аяқталғаннан кейін жоба өкілдерінің Қазақстандағы Эразмус + бағдарламасының ұлттық үйлестірушісі Ш.У. Тасбулатоваға жеке сұрақтар қою мүмкіндігі болды.
Жоба мониторингі



Пайдалы сілтемелер
Халықаралық офис
Бөлімге өту
→Академиялық ұтқырлық
Бөлімге өту
→EDUQAS халықаралық жобасы
Бөлімге өту
→Шетелдік талапкерлерге
Бөлімге өту
→Қос диплом бағдарламалары
Бөлімге өту
→Халықаралық ынтымақтастық серіктестері
Бөлімге өту
→Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша серіктес ЖОО-лар
Бөлімге өту
→http://www.welcomeproject.net/
Бөлімге өту
→http://www.upc.edu/
Бөлімге өту
→http://ev.buaa.edu.cn/
Бөлімге өту
→http://narxoz.kz/ru
Бөлімге өту
→https://kuef.kz/ru/
Бөлімге өту
→https://www.kth.se/
Бөлімге өту
→http://www.enu.kz/ru/
Бөлімге өту
→https://www.ttu.ee/en/
Бөлімге өту
→http://www.tongji.edu.cn/english/
Бөлімге өту
→