Білім беру бағдарламалары
Кафедраның бакалавриат және магистратура бағдарламалары.
Білім беру бағдарламасы: «Есеп және аудит» (бакалавриат)
ББ мақсаты мен міндеттері: Кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті, бухгалтерлік есеп және аудит саласында негізгі және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларында кәсіби міндеттерді шеше алатын жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру.
БББ артықшылықтары: (БОБ/ҚДБ/академиялық алмасу/ дуальды оқыту/ көптілділік/ эксперименттік және т.б.)
«Esil University»-дің Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің жетекші қолданбалы университеті ретіндегі стратегиясын іске асыру мақсатында «Есеп және аудит» кафедрасы білім беру қызметінің заманауи көшбасшыларының үздік тәжірибелерін енгізу; жұмыс берушінің қажеттіліктеріне негізделген практикаға бағытталу және түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтерін ұсынады; Каннам университетімен (Каннам қ., Оңтүстік Корея) және European University-мен (Швейцария) студенттер алмасу және қос диплом алу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Студенттерді оқыту 1С Бухгалтерия — 8.3, Expert audit, СОНО + SQL, Python және т.б. компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Кәсіби қызмет саласы:
Кәсіби қызмет салалары — мемлекеттік органдар, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеу басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары:
БББ түлектері мынадай лауазымдарды атқара алады: бас бухгалтер, бухгалтерлік есеп және шаруашылық қызметті талдау жөніндегі экономист, бухгалтер-ревизор, тәуекелдерді басқару менеджері, бухгалтерлік және қаржылық есеп пен аудит жөніндегі бас маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, бухгалтер-аудитор (ревизор), мемлекеттік аудитор, биржа маклері, брокер, бизнес-консультант, әкімші, бағалаушы, ғимараттар мен құрылыстарды түгендеу тобының жетекшісі, ақпарат (ғылыми-техникалық ақпарат) бөлімінің бастығы, жоба жетекшісі, жоба менеджері, жоспарлы-экономикалық бөлім бастығы, инвесторлармен байланыс жөніндегі менеджер, инвесторлармен байланыс бөлімінің бастығы, инвесторлармен байланыс жөніндегі директор, қаржы бөлімінің бастығы (қаржы директоры), экономикалық мәселелер жөніндегі директордың орынбасары (директор, вице-президент) — бас экономист.
Берілетін академиялық дәреже:Оқу аяқталғаннан кейін бакалавриат түлегіне академиялық дәреже беріледі: БББ бойынша бизнес және басқару бакалавры: 6В04105 «Есеп және аудит»
БББ серіктестері:ТОО «BIGm2», TOO «Fidens Consulting», TOO «Green Step EDU» TOO «ZHIHAZ BEST», АО «Акмолинский вагоноремонтный ЗАВОД», ТОО «NRG audit», ТОО «SAPALY PROJECT», ТОО «БухПомощь», ТОО АК «Центр аудита и оценки», ТОО «КАЗТОП LTS», ТОО «Самрук-Қазына Инвест», АО «Қазтеміртранс», АО «ФНБ «Самрук-Казына», АО «Фонд науки» НАО Холдинг Кәсіпқор, TOO «Аман — Инжиниринг».
Білім беру бағдарламасы: «Есеп және аудит» (магистратура)
ББ мақсаты мен міндеттері: қаржылық, басқарушылық, салықтық есеп, талдау және аудит саласында жоғары білікті, құзыретті әрі еңбек нарығында сұранысқа ие кең бейінді мамандарды даярлау; бухгалтерлік есеп әдіснамасы, қолданбалы талдау және аудит саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге құзыреттілік тәсілін меңгерген; отандық бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттарға сәйкес біріздендіру және трансформациялау мәселелерін жетік білетін мамандар.
БББ артықшылықтары: (БОБ/ҚДБ/академиялық алмасу/ дуальды оқыту/ көптілділік/ эксперименттік және т.б.)
Білім беру бағдарламасы мыналарға арналған:
- білім беруді басқарудың практикаға бағытталған сипатының қағидаттарын іске асыру,
- есеп, аудит және талдау саласында кәсіби білім алу үшін академиялық еркіндік шекараларын кеңейту;
- алынатын біліктілікті еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуді қамтамасыз ету;
-нақты кәсіби функцияларды орындауға бағытталған есеп, аудит және талдау жүйесінде мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделін қалыптастыру.
– білім алушыларда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъектілерде бухгалтерлік есепті ұйымдастыру, талдау нәтижелерін бизнесті басқаруда пайдалану үшін талдамалық жұмысты ұйымдастыру мен жоспарлау, аудит объектісінің негізгі бизнес-процестерін сипаттау мен сын тұрғысынан ұғыну, аудиттелетін тұлғаның негізгі бизнес тәуекелдерін анықтау, барабар басқару шешімдерін әзірлеу саласындағы құзыреттіліктерді қалыптастыру.
Кәсіби қызмет саласы: БББ түлектерінің кәсіби қызмет объектілері:
- сала ерекшелігін ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларындағы ұйымдардың қызметі;
- мемлекеттік басқару органдары (министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (ІМАК) және оның аумақтық органдары (ІМАД), сондай-ақ жергілікті деңгейдегі тексеру комиссиялары);
- ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ғылыми-зерттеу ұйымдары мен фирмалар.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары:
БББ түлектері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда бухгалтерлік есеп және аудит жөніндегі маман, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, аудиторлық компаниялар мен қаржылық бақылау органдарында бухгалтер-аудитор (ревизор), жеке меншік нысанындағы кәсіпорындарда, консалтингтік фирмаларда бухгалтер, статистикалық, салықтық және қаржылық есеп органдарында маман лауазымдарын атқара алады.
БББ серіктестері:ТОО «BIGm2», TOO «Fidens Consulting», TOO «Green Step EDU» TOO «ZHIHAZ BEST», АО «Акмолинский вагоноремонтный ЗАВОД», ТОО «NRG audit», ТОО «SAPALY PROJECT», ТОО «БухПомощь», ТОО АК «Центр аудита и оценки», ТОО КАЗТОП LTS”, ТОО «Самрук-Қазына Инвест», АО «Қазтеміртранс», АО «ФНБ «Самрук-Казына», АО «Фонд науки» НАО Холдинг Кәсіпқор, TOO «Аман — Инжиниринг».
Берілетін академиялық дәреже: Білім беру бағдарламасы бойынша экономика ғылымдарының магистрі: «Есеп және аудит»
Білім беру бағдарламасы: «Есеп және аудит» (докторантура)
Негізгі мақсат
Докторанттарда олардың кәсіби құзыреттіліктерінің өсуіне ықпал ететін, түлекке бухгалтерлік есеп, аудит және талдау саласында практикаға бағытталуға және тиісті кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек нарығында тұрақты сұранысқа ие болуға, қолданбалы кәсіби дағдыларға ие болуға мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді дамыту.
Терең теориялық білімі, зерттеушілік құзыреттіліктері және ғылымда, мемлекеттік басқаруда және кәсіби практикада қолданылатын тың ғылыми шешімдерді әзірлеу қабілеттері бар есеп және аудит саласындағы жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды — философия докторларын (PhD) даярлау.
БББ артықшылықтары:(БОБ/ҚДБ/академиялық алмасу/ дуальды оқыту/ көптілділік/ эксперименттік және т.б.)
білім беруді басқарудың практикаға бағытталған сипатының қағидаттарын іске асыру,
– есеп, аудит және талдау саласында кәсіби білім алу үшін академиялық еркіндік шекараларын кеңейту;
– алынатын біліктілікті еңбек нарығының қажеттіліктері мен жұмыс берушілердің талаптарына бейімдеуді қамтамасыз ету;
-нақты кәсіби функцияларды орындауға бағытталған есеп, аудит және талдау жүйесінде мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделін қалыптастыру.
Оқу мерзімі –3 жыл.
Кәсіби қызмет саласы
- Іргелі және қолданбалы экономикалық зерттеулер
- Жоғары экономикалық білім
- Консалтинг
- Қаржыны басқару
Кәсіби қызмет объектілері
БББ түлектерінің кәсіби қызмет объектілері:
– сала ерекшелігін ескере отырып, экономиканың әртүрлі салаларындағы ұйымдардың қызметі;
– мемлекеттік басқару органдары (министрліктер мен ведомстволар, Салық комитеті, ҚР Аудит жөніндегі агенттігі);
– ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан ғылыми-зерттеу ұйымдары мен фирмалар.
Берілетін академиялық дәреже:«Философия докторы (PhD)» бойынша ББ 8D04108 «Есеп және аудит»
Білім беру бағдарламасы: «Статистика» (бакалавриат)
6В05401 БББ мақсаты мен міндеттері: Кәсіби өсу мен ұтқырлыққа қабілетті, бухгалтерлік есеп және аудит саласында негізгі және кәсіби құзыреттіліктерге ие, сондай-ақ экономиканың әртүрлі секторларында кәсіби міндеттерді шеше алатын жоғары білімді тұлғаны қалыптастыру
БББ артықшылықтары: «Esil University»-дің Қазақстан мен Орталық Азия өңірінің жетекші қолданбалы университеті ретіндегі стратегиясын іске асыру мақсатында «Есеп және аудит» кафедрасы білім беру қызметінің заманауи көшбасшыларының үздік тәжірибелерін енгізу; жұмыс берушінің қажеттіліктеріне негізделген практикаға бағытталу және түлектердің жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету арқылы білім беру қызметтерін ұсынады; Каннам университетімен (Каннам қ., Оңтүстік Корея) және European University-мен (Швейцария) студенттер алмасу және қос диплом алу бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізеді. Студенттерді оқыту 1С Бухгалтерия — 8.3, Expert audit, СОНО + SQL, Python және т.б. компьютерлік бағдарламаларды пайдалана отырып жүргізіледі.
Кәсіби қызмет саласы: Кәсіби қызмет салалары — мемлекеттік статистикалық органдар, барлық меншік нысандарындағы ұйымдар, нарықтық инфрақұрылым буындарындағы экономиканы мемлекеттік реттеу басқару органдары, ғылыми-зерттеу ұйымдары.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары:Білім беру бағдарламасының түлегі мыналарда сұранысқа ие: республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік статистика органдары: Ұлттық статистика бюросы, облыстық статистикалық департаменттер, аудандық ақпараттық-есептеу орталықтары, қалалық статистика басқармалары, сондай-ақ білім беру мекемелері; мемлекеттік және жергілікті басқару органдары; экономиканың банк және сақтандыру секторларының ұйымдары, ішкі істер органдары, кеден органдары; инвестициялық және зейнетақы қорлары.
Берілетін академиялық дәреже:
6В05401 «Статистика» БББ бойынша жаратылыстану бакалавры.
БББ серіктестері: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша Департаменті, «Аудит және бағалау орталығы» ЖШС, «Батыс Қазақстан облысы ҰСБ Департаменті» РММ, «Павлодар қ. ҰСБ Департаменті» РММ, «Алматы ҰСБ Департаменті» РММ, «Түркістан облысы бойынша ҰСБ» РММ, Қарағанды ҰСБ Департаменті РММ, Көкшетау ҰСБ Департаменті РММ, Қостанай облысы ҰСБ Департаменті РММ, Маңғыстау облысы ҰСБ Департаменті РММ, «Абай облысы бойынша ҰСБ Департаменті» РММ, Атырау облысы ҰСБ Департаменті РММ.
Білім беру бағдарламасы: «Статистика» (магистратура)
7М05401, 7М05402 «Статистика» БББ мақсаты мен міндеттері: Ұлттық экономика мен қызмет көрсету саласының барлық салалары үшін статистикалық деректерді өңдеу бойынша терең кәсіби қызметті жүзеге асыра алатын жоғары білікті мамандарды даярлау; болашақ мамандарда — экономика ғылымдарының магистрлерінде (статистика саласында) негізгі кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру; педагогикалық, зерттеушілік практика жүргізу аясында магистранттардың өзіндік іздестіру-зерттеу қызметіне алғышарттар жасау; ғылыми-техникалық ақпаратпен жұмыс істей білу, кәсіби қызметте отандық және шетелдік тәжірибені пайдалану, алынған ақпаратты жүйелеу және жинақтау.
БББ артықшылықтары: Академиялық ұтқырлық – Қазақстан ЖОО-лары арасында және одан тыс жерде академиялық алмасу (Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университеті). Дуальды оқыту—экономикалық деректерді орталықтандырылған және аумақтық зерделеу (практика базаларымен тығыз байланыс – ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Астана қаласы бойынша Ұлттық статистика бюросының департаменті, барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдар). Қазақстанда осы БББ бойынша лицензия тек Esil University-де бар.
Кәсіби қызмет саласы: Ақша-кредит, салық және қаржы-банк жүйесінің барлық буындары, жетекші ғылыми мекемелер мен оқу орындары; «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының компаниялар тобында, олардың қатарында «ҰК ҚазМұнайГаз» АҚ, «ҰК Қазақстантеміржолы» АҚ, «Зерде» инфокоммуникациялық холдингі» АҚ, «КазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, елдің әртүрлі өңірлеріндегі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларда, стратегиялық жоспарлаудың мемлекеттік органдарында, ведомстволық ғылыми-зерттеу институттарында, Экономикалық зерттеулер институтында және басқаларында.
Түлектердің жұмысқа орналасу орындары:Білім беру бағдарламасының түлегі мыналарда сұранысқа ие: республикалық және аумақтық деңгейдегі мемлекеттік статистика органдарында, ұлттық компанияларда, барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы экономиканың әртүрлі салаларындағы ұйымдардың қаржы-экономикалық және талдамалық бөлімшелерінде, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, білім беру мекемелерінде және басқаларында.
Берілетін академиялық дәреже:
7М05401, 7М05402 «Статистика» БББ бойынша жаратылыстану ғылымдарының магистрі.
БББ серіктестері: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Астана қаласы бойынша департаменті, «Аудит және бағалау орталығы» ЖШС, «Батыс Қазақстан облысы бойынша ҰСБ департаменті» РММ, «Павлодар қ. ҰСБ департаменті» РММ, «Алматы ҰСБ департаменті» РММ, «Түркістан облысы бойынша ҰСБ» РММ, Қарағанды ҰСБ департаменті РММ, Көкшетау ҰСБ департаменті РММ, Қостанай облысы ҰСБ департаменті РММ, Маңғыстау облысы ҰСБ департаменті РММ, «Абай облысы бойынша ҰСБ департаменті» РММ, Атырау облысы ҰСБ департаменті РММ. «Аудит және бағалау орталығы» ЖШС, «Helios Soft» ЖШС, «Астана-Құрылыс» ЖШС, «Trans Group IS» ЖШС және басқалар.
Келесі қадамды жасаңыз.
Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.
