Негізгі мазмұнға өту

Кафедра туралы

Кафедраның жалпы ақпараты, миссиясы және даярлау бағыттары.

«Ақпараттық жүйелер және технологиялар» кафедрасы

«Ақпараттық жүйелер мен технологиялар» кафедрасы 2007 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің «Есеп және қаржы» факультетінде құрылды.

Кафедра 6В06101 - «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 –«Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау», 6В06102 –«Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламалары бойынша бакалаврларды, сондай-ақ 7М06101 –«Ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы бойынша бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттағы магистратура магистрлерін даярлауды қамтамасыз етеді.

2022-2023 оқу жылында кафедрада 20 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде 5 ғылым кандидаты, доцент, 2 ғылым кандидаты, аға оқытушы, 1 PhD доктор, доцент, 9 магистр, аға оқытушы, 2 аға оқытушы және 1 магистр, оқытушы бар.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу қызметін белсенді жүргізеді, ғылыми конференциялар мен семинарларға қатысады.

Кафедрада 2 ғылыми-зерттеу зертханасы бар: «Есептеу техникасы және өндірістік процестерді автоматтандыру» және «Ақпараттық жүйелерді басқару мәселелері», сондай-ақ заманауи ДК және бағдарламалық құралдармен жабдықталған 3 мамандандырылған оқу зертханасы: «Корпоративтік қосымшаларды әзірлеу», «Желілік коммуникациялар» және «Компьютерлік жүйелердің интерфейстерін әзірлеу».

Кафедра оқытушылары өз ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін нөлдік емес импакт-факторы бар журналдарда және ҚР БҒСБК ұсынған журналдарда белсенді түрде жариялайды. Соңғы 5 жылда нөлдік емес импакт-факторы бар 48-ден астам мақала және ҚР БҒСБК ұсынған журналдарда 24 мақала жарияланды. 2 оқытушының Scopus және Web of Science базалары бойынша Хирш индексі бар, сондай-ақ авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге 10 тіркелген куәлік бар.

2021 жылы «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 2 курс студенті Бекзатов Самат «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиадада 1 орын алды.

2023 жылы «Ақпараттық жүйелер» БББ-ның 4-курс студенттері Головинова Анастасия, Абсадыков Магжан, Третьяковская Евангелина «Физика-математика ғылымдары» ғылыми бағыты бойынша «Arduino-Uno платформасында жарықтандырудың цифрлық модулін әзірлеу» тақырыбымен STA-жобаларының халықаралық байқауында I дәрежелі Диплом иегерлері атанды, сондай-ақ «Ақпараттық технологиялар және деректерді қорғау» БББ-ның 3-курс студенті Мирахмедов Алишер «Нанотехнологиялар және олардың адам өміріне әсері» тақырыбымен «Цифрлық трансформация» білім беру саласындағы жобалардың халықаралық байқауында жеңімпаз атанып, «Техникалық ғылымдар» бағыты бойынша «Шығармашылық зерттеу» номинациясында II дәрежелі Дипломға ие болды (Жетекшісі - п.ғ.к., асс. проф. Касенова Л.Г.).

Кафедра түлегі – жобалаудың, бағдарламалаудың және ақпаратты қорғаудың барлық негізгі технологиялары мен құралдарын тамаша меңгерген, бағдарламалық қамтамасыз етуді құру, сүйемелдеу, сапасын басқару, деректерді қорғау және әртүрлі міндеттерді шешу үшін компьютерлік технологияларды қолдану саласындағы зерттеу және ұйымдастыру-басқару қызметіне дайын кәсіби маман.

Кафедра түлектері бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші жетекші фирмаларда және басқа да қаржылық, коммерциялық ұйымдарда беделді әрі қызықты жұмыс табады. Мысалы, магистратура түлегі Анисимов А.Н. «Зерде» Инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары болып табылады.

Кафедра меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Берсүгір М.Ә.

102026/27 қабылдау

Келесі қадамды жасаңыз.

Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.