Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы — болашақ мамандардың тұлғалық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттерін іске асыруға бағытталған университеттің оқу-тәрбие процесінің органикалық бөлігі және ЖОО-ның стратегиялық дамуында маңызды орын алады.
Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес университетте жалпықалалық және республикалық деңгейдегі мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шаралар өткізіледі.
Жастар ісі жөніндегі комитет



Тәрбие жұмысына кім жауап береді
Тәрбие жұмысы неге бағытталған
Нормативтік база және серіктестер
Университеттегі тәрбие жұмысы қолданыстағы заңнамаға, нормативтік-құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының заңдарына және ішкі құжаттарға сәйкес — «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына», Президент Қ.К. Тоқаевтың Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауына, «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасына, сондай-ақ міндеттерді іске асыру жөніндегі бекітілген іс-шаралар жоспарларына және университет пен деканаттардың тәрбие жұмысы жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысы декандармен, декан орынбасарларымен және кураторлармен бірлесіп, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Астана қаласы Әкімдігінің, Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» партиясының жастар қанатының және Астана қаласы «Байқоңыр» ауданы әкімдігінің қолдауымен жүргізіледі.
