Ғылыми кеңес
Ғылыми кеңестің ғалым хатшысы
Телефон: +7 7172 72 54 01 (іш.174)
Ғылыми кеңес
«Esil University» мекемесі
Ғылыми кеңес университетті басқарудың алқалы органы болып табылады. Ғылыми кеңестің қызметі оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу жұмысын жүзеге асыру, сондай-ақ студенттер арасында тәрбие жұмысын және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен біліктілікті арттыру жұмысын жүргізу жөніндегі өз құзыретіне кіретін мәселелерді ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделеді.
Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Esil University Жарғысын, сондай-ақ жоғары оқу орнының Ғылыми кеңесі қызметінің Үлгілік қағидаларын басшылыққа алады.
Ғылыми кеңестің төрағасы – университет ректоры, э.ғ.д., профессор Таубаев Аяпберген Алданайұлы.
Ғылыми кеңестің отырыстары тиісті оқу жылына бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес айына кемінде бір рет өткізіледі.
Мақсаттары Ғылыми кеңес қызметінің мақсаты – университетті дамытудың басымдықтары мен қағидаттарын әзірлеу, түлектерді сапалы дайындау, материалдық ресурстар мен қызметкерлердің біліктілігін сақтау және арттыру, ұжымның тиімді қызметі үшін заңнамалық тетік құру болып табылады.
Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметі оның құзыретіне кіретін мәселелерді жариялылық және ұжымдық талқылау қағидаттарына негізделеді.
Ғылыми кеңестің негізгі міндеттері:
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын табысты іске асыру үшін Университеттің білім алушылары мен профессор-оқытушылар құрамына қажетті жағдайлар жасау;
– жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру және халықаралық стандарттарына сәйкес мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
– Университеттің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базасын нығайту;
- Университеттің одан әрі дамуына жәрдемдесу.
Ғылыми кеңестің негізгі функциялары:
– жоғары оқу орнының даму тұжырымдамасын айқындау;
– Университеттің даму саясаты мен мақсаттарын бекіту;
– университет Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
– Университеттің құрылымын, оның штаттық кестесін бекіту;
– жоғары оқу орнының оқу және ғылыми бөлімшелерін (зертханалар, кафедралар, факультеттер, орталықтар және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату;
– ректордың, проректорлардың, құрылымдық бөлімшелер басшыларының оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, қаржы, шаруашылық, ақпараттық және халықаралық қызметті жүргізу нысандары мен әдістері туралы жыл сайынғы есептерін тыңдау;
– білім беру қызметінің жаңа бағыттарын ашу туралы шешім;
– оқулықтарды, оқу құралдарын және оқу-әдістемелік әзірлемелерді қарау және баспаға ұсыну;
– студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру, оқу ақысын төлеу бойынша жеңілдіктер беру туралы шешім қабылдау;
– магистранттар мен докторанттарға ғылыми зерттеу тақырыптарын бекіту және ғылыми жетекші-кеңесшілерді тағайындау;
– жұмыс оқу жоспарын, академиялық күнтізбелерді, оқу үдерісінің кестесін бекіту және оларға өзгерістер енгізу;
– жоғары оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастыру;
– жоғары оқу орны қызметкерлерін, шығармашылық ұжымдарды үкіметтік марапаттарға, құрметті атақтарға, ғылыми атақтарға ұсыну мәселелерін қарау;
– жоғары оқу орнының ағымдағы қызметінің алқалы шешімді талап ететін өзге де мәселелерін қарау.
Келесі қадамды жасаңыз.
Болашақ күтпейді. Біз де күтпейміз — қабылдау қазір ашық.
